"Оңай емес". 1-сыныпқа өтінім қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілді
eGov порталында бірінші сыныпқа қабылдау қызметі бүгін сағат 15:00-де қайта іске қосылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин ата-аналардың алаңдаушылығына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сол кезде портал бүкіл жүктемеге шыдар деп үміттенеміз. Кез келген мемлекеттік қызметті іске қосар алдында жауапты мемлекеттік органмен бірлесіп дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл — ортақ жауапкершілік. Иә, біз электронды үкімет үшін жауаптымыз және ата-аналар алдындағы жауапкершілікті толық сезінеміз, - деді вице-министр.
"Егер жүйе жұмыс істемесе, бұрынғы қағаз түріне ораласыздар ма?" деген сұраққа Коняшкин нақты жауап берді.
Цифрлық бағыт — қашан да дұрыс жол. Бірақ бұл оңай жол емес. Цифрландыру арқылы біз жемқорлықтың алдын аламыз, ашықтықты қамтамасыз етеміз. Егер цифрлық қызмет көрсетілмесе, ХҚКО-лар арқылы офлайн қызмет ұсынылады. Дегенмен қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы онлайн форматқа көшкен. Сол себепті цифрландыруды жалғастыра береміз, - деді ол.