Оңай болған жоқ: Назарбаеваның орнына келген Әшімбаев жұмысты қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында өткен сессиядағы жұмысын қорытындылады.

Бұл кезең еліміз үшін оңай болған жоқ. Бүкіл әлеммен бірге біз де жаңа сын-қатерлермен бетпе-бет келдік. Осындай сәтте президентіміздің басшылығымен ел экономикасын қалпына келтіруге, халықтың әл-ауқатын түзетуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сол бастамаларды және еліміздің стратегиялық саясатын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге ҚР Сенаты да өзінің сомды үлесін қосты, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат отырысында Қазақстан Республикасы президентінің ұсынымы бойынша Назгүл Рахметуллина мен Аслан Төкеев Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланды. Жаңадан сайланған судьялар ант берді.

Сондай-ақ, жалпы отырыста Мәжілістен келген заң жобалары қабылданды. Олардың арасында - "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және мемлекеттік қызмет, ауылдық елді мекендерде интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы