"Оңалту жолы": пробацияда жүрген адамдарға жұмыс жәрмеңкесі өткізілді
"Заң мен Тәртіп" қағидатын жүзеге асыру мақсатында, Ұйғыр ауданы прокуратурасының үйлестіруімен "Оңалту жолы" жобасы аясында Ұйғыр аудандық мансап орталығы және пробациялық бақылау қызметімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған тұлғаларды қоғамға қайта әлеуметтендіруге бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған жәрмеңке аясында пробацияда тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік қолдау көрсету көрсетілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар, құқықтық кеңестер ұсынылып, азаматтардың құқықтары мен міндеттері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға оралуын жеңілдетуге, құқықтық тұрғыда өзін-өзі қорғау қабілетін арттыруға, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне бағытталды.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұматтарын кеңейтіп, қоғамда белсенді өмір сүруге деген сенімдерін нығайтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жаназада дастарқанға тек 7 ас түрін қою міндеттеле ме?
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы