Он екі күн бойы өртенген "Ақ Жайық" резерватындағы өрт сөнді
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1510 гектар аумақты шарпыған өрт кеше сағат 14:00-де толықтай сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
13 маусымнан бастап тілсіз жаумен күресуге 200 адам қатысты, 40 техника бірлігі мен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, 396 тонна су төгілді. Өрттің жайылып кетуіне жол бермеу үшін арнайы тракторлар арқылы минералды қорғаныс жолақтары салынды.
Резерват аумағында төтенше жағдайдың алдын алу үшін ТЖД қызметкерлері, полиция және резерват қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етуді жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, он екі күн бұрын Атырау облысының Еркінқала ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында шамамен қамысты алқап өртеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
"2 мың адам алданды": Кезекті қаржы пирамидасы анықталды
Өзгелердің жаңалығы