Экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасып отыр – Жамбыл облысы әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баспасөз мәжілісін өткізді.

Облыс экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Экономиканың өсуі 105,7%, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,5%, ауыл шаруашылығы - 4,4%, құрылыс - 9,2%, көлік - 3,6%, сауда - 4,5%, байланыс - 6,4% артуы есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 15%-ға артты. Жыл қорытындысымен өндіріс көлемі 450 миллиард теңгеден артады деп күтілуде, - дейді Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов.

Оның айтуынша, жергілікті қамтуды арттыруға бағытталған "Қарапайым заттардың экономикасы" аясында жалпы құны 70,5 млрд теңгеге 112 жобаның ішінен 20,2 миллиард теңгеге 38 жоба мақұлданған.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында да жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлерге тиімді қызмет көрсету үшін Тараз қаласында "Бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс жасайтын заманауи фронт-офис ашылды. Биыл кәсіпкерлерге 8,6 миллиард теңге көлемінде шағын несие берілді. Бұл көрсеткіш республика өңірлері аралығында 1-орын, - деп хабарлады Жамбыл облысының әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы