Омыртқасы 140 градусқа қисайған балаға күрделі ота жасалды
Алматыда омыртқасы 140 градусқа қисайған балаға күрделі ота жасалды. Ота шамамен 5 сағатқа созылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматылық Татьяна Бреусованың 12 жастағы қызында 6 жаста тірек қимыл жүйесінің бұзылуы байқалған.
6 жыл бұрын әлемдегі барлық тәсілді қолдандық десек болады. Жүзу, массаж, терапия алу, белдіктер тақты қызым. Ешнәрсе көмектеспеді. Ешкім неден екенін нақты айта алмады. Омыртқа бір жағына қарай қатты қисайып, 4-кезеңнен 5-ке кетіп бара жатты. Балаға тек физикалық жағынан емес, өзімен жастылармен тілдесу қиын болды. Әр қимылың қиындайды. Операция сәтті өтті деп жатыр, алғысымыз шексіз. Денсаулығы жақсарып, бойы кішкене өссе екен дейміз, - дейді қала тұрғыны Татьяна Бреусова.
Күрделі операция Ұлттық медицина университеті клиникасының базасында өтті. Дәрігерлер омыртқаның қисаюы өзге де мүшелерге кедергі келтіріп, қауіп тудырып тұр дейді.
Ота шамамен 5 сағатқа созылған. Қыздың омыртқа сүйегіне арнайы құрылғы орнатылады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Бұл қыздың омыртқасы 140 градусқа дейін айналып кеткен. Бұл омыртқаның қисайғаны баланың біріншіден жүрек аймағына әсер етеді, өкпесіне әсер етеді. Көп деп ала алмай қалу мүмкін. Сол себептен бұл отаның мақсаты - тек омыртқаны түзек ғана емес, баланың өзінің нәтижесін жақсарту. Өте қиын операция болған соң әр омыртқаға біз өзіміз әдейі жоспарлы жасалған винттер крючоктар қойылады. Сосын ол темірлер қойылғаннан кейін сол темірмен тартқан кезінде біздің омыртқаны жөндеуге қажет болады, - дейді "Ақсай" балалар республикалық клиникасы ҚазҰМУ ортопедия бөлімінің меңгерушісі Исмадун Харамов.
Отадан кейін науқастың бойы бірнеше сантиметрге өседі. Күрделілігіне байланысты әр ота бірнеше жылға созылатын кезеңдерге бөлінеді.