Шөкеев Түркістанның дамуыны инвесторлардың қосқан үлесі жайлы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарының екінші кезеңінде 142 шара қарастырылған. Бұл туралы Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.
Оның айтуынша, Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарының бірінші кезеңі аяқталып, барлық нысандар іске қосылды.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласы мен облысын дамытуда жеке инвесторлардың үлесі өте зор екенін атап өтті.
Облыс бойынша кешенді жоспардың екінші кезеңінің 75 пайызы жеке инвестициялар, 25 пайызы мемлекеттік инвестиция арқылы жүзеге асырылмақ. Ал қала бойынша шараларды іске асыруға 70 пайыз жеке инвестиция тартылған.
Өндіріс саласында Серікжан Сейтжанов деген азамат облыс бойынша бір триллион теңгенің жобасын әзірлеп, жүзеге асыруды бастап та кетті. Ауыл шаруашылығы саласында да орта буын кәсіпкерлері инвестиция тартып, жаңа технологияларды қолданып жатыр. Оның ішінде интенсивті бақтар, тамшылатып суару, ет, сүт өндірісін атап өтуге болады. Құрылыс саласында «Сембол» компаниясы барлық тәуекелдерді мойындарына алып, теңдессіз сауда орталығын салды. Олардың қатарында түркиялық «Ида», жергілікті «Отау», «Фебстрой» компаниялары бар, - деді Шөкеев.
Ол кешенді жоспар толыққанды жүзеге асқан соң Түркістан облысы өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жетеді деген сенім білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда үш ірі спорт объектісі салынады – Райымқұлова
Өзгелердің жаңалығы