Өмірге қауіп төндіретін тағы бір ойын пайда болды

Өмірге қауіп төндіретін тағы бір ойын пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Желіде екі бала жолдан өтіп бара жатып, кілт тоқтап, жол ортасында қозғалмастан тұра қалған бейнежазба пайда болды. Видеодан олардың жолда тұрған кезінде жандарынан қаншама көліктің ағыл-тегіл өтіп жатқанын көруге болады.

Полиция қызметкерлері алдын алу шараларын жүргізу үшін кәмелетке толмағандарды және олардың ата-аналарын анықтап жатыр, — дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Желі қолданушылары мұндай ойынның қауіпті екенін жазуда.

Ата-аналарына үлкен көлемде айыппұл салу керек, - дейді желі қолданушысы.

Басынан шапалақпен періп жіберу керек еді, - деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы