Өмірді 20 жылға ұзартуға көмектесетін 8 әдет

Жаңа зерттеу адамдар өз әдеттеріне аздап өзгерістер енгізу арқылы өмірін айтарлықтай ұзарта алатынын көрсетті. Бұл жаңа әдеттерді кез келген жаста қолға алуға болады. Бұл жайлы The Guardian жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаншалықты ерте бастаңыз, соншалықты жақсы. Бірақ 40, 50 немесе 60 жаста да аздап өзгерістер жасасаңыз, бұл бәрібір пайдалы болады, - дейді АҚШ денсаулық сақтау саласының маманы Сюан-Май Т Нгуен.

Зерттеу 2011-2019 жылдар аралығында жиналған анкета мәлеметтері мен медициналық карталарға негізделген. Жазбалар 40-99 жас аралығындағы 700 000-нан аса адамды қамтыды. Зерттеушілер тобы өмірдің қандай факторлары оның ұзақтығымен байланысты екенін анықтау үшін мәліметтерге анализ жасайды.

Негізгі 8 фактор анықталды:

Жақсы тамақтаныңыз;

Темекіден аулақ болыңыз;

Ұйқыны қандырыңыз;

Физикалық белсенді болыңыз;

Күйзелістен арылыңыз;

Алкогольді азайтыңыз;

Опиоидты тәуелділіктен арылыңыз;

Оң әлеуметтік қарым-қатынасты ұстаныңыз.

Ғалымдар адам ағзасына ең қауіпті әдеттерге есірткіге әуестік пен темекі тартуды жатқызды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы