Бүгiн 2026, 15:35
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
"Өмірде қарапайыммын": Сауранбаев Loro Piana кепкасына қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде министрдің италиялық Loro Piana брендіне тиесілі, құны 1 800 еуро (шамамен 1 млн теңге) тұратын кепкамен жүргені туралы мәлімет тараған еді.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қаңтар айының соңында киген бас киімінің бағасына қатысты тараған ақпаратты қате деп атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде министрдің италиялық Loro Piana брендіне тиесілі, құны 1 800 еуро (шамамен 1 млн теңге) тұратын кепкамен жүргені туралы мәлімет тараған еді.
Шынымды айтсам, брендтерге аса мән бермеймін. Өзім қарапайым өмір салтын ұстанамын. Бірақ қазір баға жағынан айтарлықтай қателік кеткенін білдім, – деді Сауранбаев.
Оның айтуынша, аталған бас киімнің құны 500 мың теңгеден едәуір төмен.
Loro Piana компаниясының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, кепкалардың бағасы әртүрлі. Ең арзаны 520 еуро (шамамен 300 мың теңге) тұрса, министр киген модельге ұқсас нұсқаның бағасы 900 еуро шамасында тұр.