Қазақстанның жаһандық өмір сапасы рейтингіндегі орны қандай
Астана, BAQ.KZ. Жаһандық Numbeo деректер базасының мамандары 2019 жылы әлем елдерінің өмір сапасы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Талдаушылар 71 елдің деректерін жинаған. Рентингті жасау кезінде олар тұрғындардың сатып алу қабілетін, қауіпсіздік көрсеткіштерін, денсаулық сақтау деңгейін, өмір сүру бағасын, жылжымайтын мүлік құнын, жолға кететін орташа уақыт, ластану деңгейі мен климатты зерттеген.
Өмір сапасы рейтингінде алғашқы үштікке Дания, Швейцария және Финляндия орналасты. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Австралия, Австрия, Нидерланды, Исландия, Германия, Жаңа Зеландия, Норвегия кірді. Жапония мен АҚШ 12 және 13 орында, Эстония – 11-орында.
Соңғы 71-орынға Египет жайғасса, Қазақстан 69-орынға тұрақтады. Литва - 29, Латвия - 34, Белорусь - 37, Ресей - 59, Украина - 6-орында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнеткер автобуста жасөспірімге ұрысып, қолын сындырды
Келесі жаңалық
Бірнеше өңірлерде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы