Жас баланың есінен танғанын пайдаланып, зорлаған педофилдің үкімі өзгеріссіз қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы жас баланы ұрлаумен ұштасқан зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылықты жүзеге асырғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Н. қорғаушысының сот үкіміне келтірген апелляциялық шағымын қарады. 

Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Еске сала кетсек, сотталушы Н. 2020 жылы 7 наурызда алкогольдік масаң күйде, өзінің сексуалдық сипаттағы нәпсіқұмарлық ойын жүзеге асыру мақсатымен көршісі, жас бала С.-ны қарсыласқанына қарамастан ұрлап, ешкім көрмейтін және тоқтата алмайтындай жеке тұрғын үйдің жертөлесіне апарып, соққыға жығып, жас баланың есінен танып, дәрменсіз күйде болғанын пайдалынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық пен зорлау қылмыстарын жасаған.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 12 қаңтар 2021 жылғы үкімімен - аталған қылмыстардың аса ауыр қылмыстар санатына жататыны, қылмыстың сипаты мен сотталушының жеке басы, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлардың бар екені ескеріліп, Н. өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Аталған сот үкімімен сотталған Н есімді азаматтың қорғаушысы келіспей, «іс бойынша жүргізілген сот сараптамаларының қорытындыларына бірінші сатыдағы сот дұрыс баға бермеді» уәжінің негізінде сот үкімін бұзып, тағылған айыптар бойынша ақтауды сұраған, - делінген хабарламада.

Апелляциялық сот алқасы, қылмыстық іс материалдарын, оның ішінде, жүргізілген сараптама қорытындаларына мамандандырылған ауданаралық сотымен лайықты, дұрыс баға берілгені мұқият тексеріле келе, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз, сот үкімі өзгеріссіз қалдыруға жатады деген шешімге келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы