"Өмір бойына сотталады". Салтанаттың әкесі мен адвокаты болжам жасады

Салтанаттың адвокаты мен әкесі сотталушы Қуандық Бишімбаевтың қанша жылға сотталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанаттың әкесі Амангелді Нүкенов Бишімбаевты өмір бақи түрмеге отырады деп үміттенеді.

Бүкіл әлем өмір бақи түрмеге қамау керек деп айтуда. Біз қазақпыз, сарт емеспіз. Біз дала заңын құрметтейміз. Мен бұл айуан өмір бақиға сотталады деп үміттенемін, - деді Амангелді Нүкенов.

Сондай-ақ жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбақова Бишімбаевтың қанша жылға сотталатынын болжады.

Болжау қиын... Меніңше, 20-25 жыл. Бірақ егер бүкіл (еск - алқабилер) 10-нан 10 дауыс берсе, онда сот бұрын сотталғанын және аса қатыгездік екенін ескеріп өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін. Бәрі дауыс беретін болса, 20-25 жыл беріледі деп ойлаймын, - деді адвокат.

Осыған дейін алқабилерге қойылатын сұрақтар белгілі болған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/aitym
Өзгелердің жаңалығы