Өмір бойы бас бостандығынан айырылған сотталушы түрмеден босап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала зорлағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған америкалық сотталушы қателікпен түрмеден босап шыққан.
CNN мәліметіне сүйенсек, оқыс оқиға 25 қазан күні АҚШ-тың Джорджия штатындағы Рейдсвилл қаласында болған.
"Штаттың түзету мекемесіне жауапты департамент өкілдері Тони Майкон Мунос-Мендесті (Tony Maycon Munoz-Mendez) іздестіру үшін барлық қызметтерін іске қосты", - делінген хабарламада.
31 жастағы сотталушы 2010 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген. Ол кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлап, жәбірлегені үшін сотталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Асқар Жұмағалиев IT-компаниялардың басшыларымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы