Омикронды ЖРВИ-дан ПТР тестсіз ажыратуға бола ма?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова ӨКҚ алаңында өткен брифингте омикронды ЖРВИ-дан ПТР тестсіз ажыратуға бола ма, деген сұраққа жауап берді.
Коронавирустың «омикрон» штамы мен ЖРВИ-дің белгілері өте ұқсас. Сырқат әр адамда әрқалай өтеді. Сондықтан әзірге оны коронавирус немесе ЖРВИ екенін ПТР тестінсіз ажырату мүмкін емес,-деді Әбдіжаббарова.
Айта кетсек, пандемия басталғалы Алматыда КВИ – дің 205667 жағдайы тіркелген, оның ішінде 2022 жылдың басынан бастап – 22161 жағдай, ал, 24 қаңтарда - 1501 адамнан вирус анықталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы