Омикрон. Жаңа штамм тағы да мутацияға ұшырады ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Данияда ғалымдар коронавирус инфекциясының стелс-омикрон штамының ORF3а ақуызында жаңа мутацияны анықтады. Бұл туралы Lenta.ru жазды.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, «стелс-омикрон» атымен де белгілі ВА.2 штамының жаңа нұсқасын Дания тұрғындарының 24%-ы жұқтырып үлгерген. Бұл жолы өзгерістер жасушадағы қабыну реакциясын тудыратын ORF3a ақуызында орын алыпты. Сондай-ақ ол адам жасушаларының ішінде вирустың орын ауыстыруына жауап береді.
Ғалымдар бұл ақуыздың тиімділігін арттыратын мутация коронавирустың таралу жылдамдығын арттыруы мүмкін екендігін алға тартты. Осы орайда, «омикронның» мутацияға ұшырауы алдыңғы штамдарға қарағанда антиденені басып озуға мүмкіндік беретін көрінеді.
Алайда сарапшылар мутацияның аурудың өзінің ағымына ешқандай да әсер етпейді деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы