«Омикрон». Тоғжанов бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, «омикрон» жаңа штаммы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантинде болуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.
Вице-премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирус инфекциясына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3%), Павлодар (64,7%), Ақтөбе (66,1%), Маңғыстау (66,4%), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4%) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.