Омикрон штамын 30 жасқа дейінгі адамдар көп жұқтырады - Сархат Бейсенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда ВА.2 stealth-omicron, яғни жасырын омикрон басым генетикалық тізбек болып қала береді. Біздің білуімізше, кішігірім түрлері бар Омикрон штамы өте жұқпалы және барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім. Алайда 20-дан 30 жасқа дейінгі адамдар вирустың бұл түріне көбірек шалдығады. Ол сондай-ақ дельта штамына қарағанда жұқпалы, - деп атап өтті қаланың бас санитар дәрігері. 

Айтуынша, жұқпалы вирустың клиникалық белгілері –шаршау, бас ауруы және дене температурасының жоғарылауы.  

Өкінішке қарай вакцина алған адамдарда, сондай-ақ КВИ-мен бұрын ауырған адамдарда уақыт өте дененің инфекциядан қорғану деңгейі төмендейді. Нәтижесінде адам қайтадан инфекцияға сезімтал болады. Осыған байланысты, вакцинацияның бастапқы курсын алғаннан кейін, яғни 6 айдан соң коронавирусқа қарсы ревакцинация алу ұсынылады. Сонымен қатар егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда КВИ таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қашықтан жұмыс түріне ауысу керек. Сол себепті тұрғындарды барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - деді Сархат Бейсенова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін астананың бас санитар дәрігері бас қалада эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап келе жатқанын айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы