Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы кәрі құрлықта індеттің жаңа толқынын болжады. Сарапшылардың айтуынша, аймақта эпидахуал күн өткен сайын ушығып барады, деп жазды Хабар24.

Данияда омикрон штамына шалдыққандардың қарасы көбейді. Ал Францияда вирустың бұл түрін науқастардың бестен бір бөлігі жұқтырған. Испанияда бір күнде тіркелген дімкәс жандардың саны 50 мыңға жуықтап антирекорд орнады. 

Германия мен Ұлыбританиядағы ахуал да мәз емес. Жағдайдың нашарлауына байланысты кәрі құрлық елдерінің басшылары жаңа шектеулер енгізе бастады. Мамандар халықты барынша үйден шықпауға шақырады. Кей мемлекеттер коменданттық сағат жариялады. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемнің 106 елінде тіркелген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы