Омикрон. Елордада эпидахуал оңалмай тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі. Тек соңғы тәулікте 4874 жағдай тіркелген деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Індет жұқтырғындардың ішінде 1074 жағдай – симптомды, 3800-і – симптомсыз. Қаңтар айының басынан бері барлығы 44 923 жағдай тіркелген. Бұл 2021 жылғы желтоқсанда тіркелген 2737 жағдайдан 16 есе жоғары.

Елордадағы COVID-19 бойынша қолайсыз эпидемиологиялық ахуал қала тұрғындарының маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен, вакцинацияны ескермеуімен байланысты болып отыр. Қала аумағында контагиозды штамының пайда болуы да жағдайды ушықтыруда. Жаңа штамның таралу коэффициенті 1:5, яғни «Дельта» нұсқасынан 70 есе жылдам таралады. Тәулігіне ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші 15 қаңтарда – 5826 жағдай тіркелді. Бұл бүкіл пандемия кезеңіндегі рекордтық көрсеткіш.  

«Омикрон» штамының анықталуын және қаладағы қолайсыз эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 12 қаңтардан бастап елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулысы қабылданды. Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын қоспағанда, бұқаралық іс-шараларды ашық ауада да, үй ішінде де, отбасылық, естелік іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады. Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан, концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің, кинотеатрлардың, түнгі клубтар мен караоке барларының қызметіне тыйым салынады. Жұма намазы және діни рәсімдер сияқты ұжымдық іс-шараларға тыйым салынады. Сонымен қатар конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады. Айта кетейік, бұл шаралар қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралу және жұқтыру қаупін болдырмау үшін қабылданды.

Сондай-ақ елорданың аудандық әкімдіктері тұсында 12 мониторингтік топ жұмысын жалғастыруда. Олардың қызметі шектеу және карантин шараларын бұзуға жол бермеуге бағытталған. Ағымдағы жылы кәсіпкерлік объектілерінде мониторингтік топтар анықтаған шектеу және карантин шараларын бұзушылықтар бойынша материалдар түсуде. Елордада төтенше жағдай режимінің  алып тасталуы карантиндік режимнің аяқталуын білдірмейді. Қалада шектеу шаралары әлі де жалғасуда. Жаңа вирустың таралу қаупі әлі де жоғары.

Осыған байланысты, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын және локдаунның енгізілуін болдырмау үшін санитарлық ережелер мен карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады.  Халықтың көп бөлігі вакцинация мен ревакциянация қабылдамай, пандемия аяқталмайтынын түсінуіміз керек. Аяқталған иммунизация ғана бізді қалыпты өмірімізге оралуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы