«Омикрон». Елде локдаун енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.  

Бүгін еліміздің аумағында локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ. Болжам бойынша да олай емес. Біз бүгін қабылдаған барлық шектеу шаралары денсаулық сақтау саласына жүктемені төмендетуге, сондай-ақ коронавирус инфекциясының салдарынан өлім-жітімді азайтуға бағытталған. Денсаулық  сақтау жүйесінде шұғыл көмек барша халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етуге арналған, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ әрі қарай шектеу шаралары әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізіледі деп отыр.

Осы жылдар ішінде біз болжам жасауды да, шектеу шараларын жоспарлауды да үйрендік, - деді Ажар Ғиният.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы