Омбудсмен Артур Ластаев Еуропа Кеңесінің өкілдерімен кездесті
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев пен Еуропа Кеңесі Адам құқықтары стандарттарын енгізу департаментінің Ынтымақтастық бағдарламалары басқармасының басшысы Лиля Гретарсдоттир, стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кеңесшісі Сергей Дикман және кеңсе басшысының орынбасары Лилит Данегян арасында кездесу өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында Еуропа Кеңесінің өкілдері 2024-2027 жылдарға арналған ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарының қысқаша таныстырылымын жасады.
Сонымен қатар Уәкіл кеңсесін институционалдық тұрғыдан нығайту, Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жетілдіру, оқу семинарлары мен тренингтер өткізу, Уәкіл институтының мемлекеттік органдармен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын нығайту сияқты мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар адам құқықтары саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайында келісті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің Қарулы күштерінде бірқатар ауыс-түйістер болды
Келесі жаңалық
Алдағы мерекелерде пойыз билеттері қымбаттай ма?
Өзгелердің жаңалығы