23 Ақпан 2024 2024, 16:52
Фото: pixabay.com
Омарташылар шеруге шықты
Грекиядағы фермерлердің шеруіне омарташылар қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Грекиядағы фермерлердің шеруіне омарташылар қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Парламент ғимараты алдына жиналғандар шет елден балды төмен бағамен сатып алып жатқан билікке наразы. Осының кесірінен отандық өнімге сұраныс азайды дейді, - ара бағып жүргендер. Өндірістік шығындардың өсуі де шаруаларға ауыр соққы болып тиген.
Енді олар жанар-жағармай салығын азайтып, мемлекеттен субсидия бөлуді талап етіп отыр. Алайда ел билігі электр қуатына және дизильге ғана жыл соңына дейін жеңілдік жасаймыз дейді.