Омартаны оттан құтқарғандар

Өскеменде Шиелі көшесінің бойында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ 

ШҚО облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, жеке тұрғын үйдің төбесі, отқа оранған. Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп қана қоймай, үй иесінің омартасын аман алып қалды.

Белгілі болғандай, өртті сөндіру барысында үйден екі газ баллон шығарылды, сондай-ақ 35 омарта оттан құтқарылды. Әр омартада 30 мың ара болған көрінеді. Сөйтіп 1050000 жуық ара аман қалған.

Жалпы өрт сөндіру жұмысына 4 техника мен жеке құрамнан 19 қызметкер жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр құрылғыларын монтаждау және қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, дәлірек айтқанда элект сымдарының тұйықталуынан болған болуы мүмкін, - делінген ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы