Омаров радикалды діни көзқарасты ұстанатындарды дәстүрлі исламға қайтару шаралары туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты.
Министрлік өз құзыреті аясында азаматтардың радикалдануына жол бермеу және дінді диструктивті мақсатта пайдалануға жол бермей, экстремизмнің алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырды. Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалпы профилактикалық сипаттағы және радикалды идеологияға тарту тәуекелі бар нысаналы топтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады, - деді Омаров.
Министр айтқандай, әлеуметтік желіге назар аудара отырып, радикалды діни идеологияның алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіліп жатыр.
Диструктивті және радикалды діни көзқарастарды ұстанушыларды дәстүрлі ислам арнасына қайтару мақсатында министрлік арнайы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оңалту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жастар мен жұмыссыздар, өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар, діндарлар, диструктивті дін ағымдарын қолдаушылар топтарына ақпараттық түсіндіру жүгізіліп жатыр, - деді ол.
Асқар Омаров интернет желілерін мониторингтеу күшейтілетінін айтты.
Радикалды діни контентті анықтау, оның алдын алу, әлеуметтік желілерде жастар арасында діни экстремизмнің насихатын анықтау барысында интернет кеңістігінің бақылауын күшейту және әлеуметтік желілердегі радикалды топтар мен қоғамдықтардың, қазақстандық жазушылармен атаулы жұмысқа назар аудару керек, - деді ол.