Омаров қай облыстар ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы тақырыбы талқыланған Үкімет отырысында айтты.
Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін егіс алаңдарын әртараптандыру және рентабельдігі жоғары дәнді-дақылдарды өндіруге көшу жұмысын жалғастыруда. Мәселен, 2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,8 млн га жерге отырғызу жоспарланды. Бұл 2020 жылға қарағанда 186,6 га-ға көп. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 15,8 млн га алаңға егу жоспарлануда, - деді Омаров.
Министр майлы дақылдардың болжамды алаңы 3 млн гектарды құрап отырғанын айтты.
Азық-түлік дақылдары 3,4 млн гектарды құрайды. Бұл - өткен жылға қарағанда 114,5 мың гектарға көп. Көкөніс бақша дақылдарының алаңы өткен жылғыдан 16 мың гектарға асып, 280 мың гектарды құрап отыр, - деді ол.
Сапархан Омаров биылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп жатқанын айтты.
Атап айтқанда, 67,7 мың гектар жаздық масақты дәнді-дақылдар, 6,5 мың гектар картоп, 10,3 мың гектар көкөніс дақылдары, 18,7 мың гектар көпжылдық шөп егілді. Облыс әкімдіктерінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда 2,4 млн тұқым құйылды. Бұл жоспардың 100,2 пайызын құрайды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. 76 пациенттің жағдайы өте ауыр
Келесі жаңалық
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы