6 Қазан 2026, 18:46 Фото: Ақорда

Оман Сұлтанның Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сапар барысында екі елдің көшбасшылары кессөздер өткізіп, қазақ-оман бизнес-форумына қатысты және «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тарик Аль Саидті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Тараптар сауда, инвестиция, энергетика, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.