Оман Сұлтандығы Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптардың күшін жояды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап Қазақстанның ұлттық паспорты бар азаматтар алдын ала туристік визаны рәсімдемей-ақ Оман Сұлтандығына 14 күн мерзімге бара алады.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Егер ҚР азаматтары Оманға 14 күннен артық мерзімге баруды жоспарласа, онда тиісті санаттағы визаны ресімдеу қажет. Айта кету керек, елде визасыз болу мерзімін ұзарту қарастырылмаған, бұл қағидарларды бұзу әр күн үшін 10 оман риалы (шамамен 26 АҚШ доллары) мөлшерінде ақшалай айыппұл салуға әкеп соғады.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы аясында елде бірқатар шектеу шаралары қолданылатынына назар аудару керек. Осыған байланысты, бұл елге кіру қағидарлармен Оман әуежайының сайтында сілтеме бойынша танысуға болады.

Бұған дейін Қазақстан азаматтарына туристік визасыз Оманға бару үшін паспортында АҚШ, Шенген келісімі елдерінің немесе Жапонияның қолданыстағы визасы болуы қажет еді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы