Олжас Жұмағұлов жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Олжас Әбдімомынұлы Жұмағұлов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Олжас Жұмағұлов 1990 жылы Алматы қаласында туған. 

Американдық университетті, Лондон экономика мектебін, Лондонның Корольдік колледжін бітірген. 

2013-2016 жж. ҚР Экономика және сауданы дамыту министрлігінде түрлі лауазымдар атқарды. 

2016-2018 жж. ҚР АШМ Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

2018 жылғы ақпаннан шілде айының аралығында ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі болды. 

2018-2019 жж. — ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі. 

2019 ж. тамыз айынан — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы