Олжас Оразәліұлы - Азия пара ойындарының чемпионы

73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық  спортшы Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби  деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!,- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық пара спортшылар алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы