Олжас Құдайбергенов қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қызметінен босатылған Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында өз пікірін жазды. 

Өткен жылдың желтоқсан айында кездесуде Президент оның штаттан тыс кеңесшісі болуды ұсынды. Содан кейін маған бұл жарты жылға екенін, маусым айында ротация болуы мүмкін деп айтқан. Мен мұны маусым айында күттім, бірақ оған мұрша болмаған сияқты. Бүгін таңертең Президенттің атынан қоңырау шалып, қосқан үлесімді айтып, бүгінгі күннен бастап ротация жасалғанын жеткізді. Алғыс айтты, - деп жазды Олжас Құдайбергенов. 

Өз айтқандай, енді ол штаттан тыс кеңесші емес.
Жалпы, бұл лауазым еңбекақысыз, кабинеттер мен қызметкерлерсіз, келісімсіз болды. Мен өз пікірлерімді президенттің кеңесшісі ретінде емес, өзімнің атынан шығаруды сұрайтынмын. Себебі, бұл лауазым менің өткір пікірлерімді жиі саясиландырып жіберетін. Енді пікірлерім саяси түске ие болмайды деп үміттенімін. Оған қоса, адамдар менен өзге шенеуніктерден сияқты жоқ құзыретті талап етті, - дейді ол. 

Ол осы лауазымда игі іс атқаруға барынша тырысқанын айтты.
Жалпы, осы лауазымда отырып, адамдар үшін барынша пайдалы болуға тырыстым. Бұдан әрі де пайдамды тигізуге тырысамын.  Оның үстіне бизнесте, мемлекеттік органдармен, ПӘ-мен жұмыста ештеңе өзгермейді. Мен әрдайым солай болып қаламын,- деді ол.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы