Олжас Құдайбергенов Президент кеңесшісі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олжас Құдайбергенов Президент кеңесшісі қызметінен босатылды деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты, - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. 
Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов штаттан тыс кеңесші болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы