Олжас Бектенов: Жер қойнауымызды мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов геологиялық барлаудағы басымдықтар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның айтуынша, табыстың өсуі үшін біздің жер қойнауын бірінші кезекте мемлекеттік компаниялар зерттеуі керек.
Премьер-министр «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясын қолдауды және дамытуды тапсырды.
Біз, ең алдымен, жер асты ұлттық байлығымызды мемлекеттік компанияларға тапсыруымыз керек, барлау жүргізіп, оны дамытып, игеріп, содан кейін инвесторларды тартуымыз қажет. Сонда ғана оның құны өседі және мемлекет пайда көреді. Осы тетікті кеңінен қолдануымыз керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий маңында барланған учаскелер мемлекетке қайтарылды
Келесі жаңалық
Петропавлда мектептің төбесі опырылып, 3 бала зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы