Олжас Бектенов экономиканың нақты секторын қолдау шаралары туралы айтты

Отандық өндірушілерді қолдау Үкімет үшін өте маңызды және негізгі тірек нүктесі болып табылады. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 540 млрд теңге бөлінеді.

Біз қазір қосылған құны жоғары өнім шығаруға баса көңіл бөлеміз. Егер ауыл шаруашылығы бағытына тоқталсақ, біз осы саланы қаржыландыруды 4 есеге арттырамыз. Яғни 540 млрд теңге біздің ауыл шаруашылығы өндірушілерімізге бағытталатын болады. Жаңа лизингтік бағдарлама бойынша 100 млрд теңге бөлінеді. Ауыл шаруашылығы техникасы туралы айтатын болсақ, біз импорттық техникаға берілетін қаражатты тоқтата тұрамыз. Біз өз бюджетіміз есебінен отандық өндірушілерді қаржыландыруымыз керек деп санаймыз, — деп мәлімдеді Үкімет басшысы Олжас Бектенов

Бектенов атап өткендей, Үкімет бар резервтер мен күштерді жұмылдырып, экономика өсіміне қол жеткізу үшін белсенді жұмыс жұргізіп жатыр. 

Қазірдің өзінде экономиканың кейбір салаларында өсу қарқыны жаман емес. Мысалы, құрылыс, көлік, байланыс салаларында өсу қарқыны 8%-ды жуық. Біздің пікірімізше, экономикамыздың кейбір салалары өте жоғары өсу әлеуетіне ие. Құрылыс, инфрақұрылым және өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіп кешені. Сондықтан біз Үкімет тарапынан осы салаларға ауқымды мемлекеттік қолдау көрсетіп жатырмыз, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы