Олжас Бектенов: Азаттықтың декларациясы – халқымыздың сан ғасырлық қажырлы күресінің жемісі

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандақтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайлы BAQ.KZ.

Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы айтулы күннің тарихи тағылымын ел жадында қайта жаңғыртып, мызғымас бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің берік тұғырына айналдырды. Азаттықтың алғышарты дербестік декларациясы – халқымыздың сан ғасырлық арман-мұраты мен қажырлы күресінің жемісі. Елдігімізді нығайтып, ынтымағымызды бекемдей түсер мерейлі мереке ұлтымыздың қилы тағдырымен бірге мәңгі жасай бермек, -деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ ол  бағытымыздың айқын екенін, алдымызда Әділетті Қазақстанның құндылықтарын баянды етуге барымызды салатын даңғыл жолы тұрғанын айтты. 

Осынау ұлы мақсатқа жетуде халқымыз ауызбіршілік пен еңбекқорлықтың озық үлгісін көрсетеді деп сенемін. Бүкіл қазақстандықтарды айшықты мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық, әр шаңыраққа бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, - деді үкімет басшысы. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы