Қолына қару алған әжей немересін ауруханадан шығаруды талап еткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Американың Жаңа Орлеан қаласында әжей немересін ауруханадан "алып кету үшін" шабуыл жасады. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, 66 жастағы Эвелин Миллер 14 қаңтарда қолына қару алып, Окснер жергілікті ауруханасының педиатрия бөлімшесіне барған. 
Ол ауруханаға кіре салып, 12 жастағы немересін шығаруды талап еткен. Қызметкерлер қарсылық көрсеткен кезде әжей қаруы бар екенін айтқан.
 
Оқиға орнынан қашқан кезде ол бір мейірбикені итеріп, күзетшіні көлігімен қағып кеткен, - деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметкері.
Құқыққорғау қызметкерлері немере қызын ертесіне тапты. Ал әжесіне баланы ұрлағысы келді деген айып тағылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы