Өлтіру, тонау, бопсалау. ҰҚК елдегі аса қауіпті қылмыстық топты құрықтады

Былтыр Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қоғамдық қауіпсіздікке қылмыстың ұйымдасқан түрі тарапынан төнетін қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда. 

2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен оқ ату қаруы, ақшалай заттар, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды. Жалпы кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы