Өлке тарихының ақтаңгері

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда өлкетанушы, жазушы-публицист, «Құрмет» орденінің иегері, «Дүнеижүзі қазақтары қауымдастығы» Атырау облысы филиалының басшысы Өтепберген Әлімгереевтің 70 жылдық мерей тойына арналған кеш өтті. 

Шараға жазушының қаламдас достары, әріптестері, журналистикадағы шәкірттері қатысты. Кеш барысында Өтепберген Әлімгереевтің өмір жолы мен қызмет атқарған кезеңінен, еңбек жолы мен жеткен жетістіктерінен сыр шертілді. Шығармашылық қызметін – облыстық «Атырау» газетінің редакциясында бастаған кеш кейіпкері қатардағы тілшіден бас редактордың орынбасарлығына дейінгі қызметтерді атқарды. Кейін жиырма жылға жуық ғұмырын облыстық телеарнаның өсіп-өркендеуіне арнады. Мұнда да редактордан бастап, бас редактор-директордың орынбасары сияқты жауапты жұмыстарды жасады. Өтепберген Әлімгереев 20-дан астам тарихи, публицистикалық, ғылыми және 14 әдеби кітаптардың авторы. Салтанатты шарада әуезді ән мен күмбірлеген күйден шашу шашылды.

«Біздің алдымызда көшбасшымыз болды. Мектепте жүргеннен әдебиетке құмар болды. Ол күндіз түні мектептің, аудандық кітапханалардан кітап алып, оқып, бізге оқытып, осылайша бізді кітапты сүйюге ең бірініші себепші болған осы Өтепберген еді. Мектеп бітіргеннен кейін де алматыға барып, екеуміз екі институтта бөлек оқыдық. Бірақ араласып тұрдық. Ол кезде де осы жазушылық өнерін ары қарай жалғастырып, степендия алады, оған қосымша газеттерге мақала жазып гонорар алатын еді. Мен гонорар алдым, қарындарың ашқан жоқ па деп бізді тамақтандырып кететін еді»,- деді жазушының сыныптасы Төлеген Нұғманов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы