Олимпиаданың іріктеу турнирінде бүгін 3 боксшы өнер көрсетеді

Бүгін, 2 маусым - Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын іріктеу турнирінде қазақстандық 3 боксшы рингке шығады. Жекпе-жектердің барлығы Qazsport телеарнасында көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтар болсақ, 75 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Валентина Хальзова колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен рингке шығады. Жекпе-жекті сағат 12:00-де тамашалауға болады.

50 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай солтүстік кореялық Канг Су Хуангмен бақ сынайды. Көрсетілім уақыты - сағат 16:30-да.

63,5 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен молдовалық Александру Парасчивтің жекпе-жегі сағат 17:30-да басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы