Олимпиадаға іріктеу. Хоккейден Қазақстан командасының жарыс кестесі жарияланды

29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакияның Братислава қаласында шайбалы хоккейден 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының жарыс кестесі жарияланды.

Финалдық іріктеу кезеңі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен кездеседі.

Жарыс кестесі төмендегідей:

29 тамыз, 17:00

Қазақстан - Венгрия

30 тамыз, 17:00

Қазақстан - Австрия

1 қыркүйек, 21:00

Словакия - Қазақстан

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы