"Олимпиадаға дайындалып жүрген": 17 жастағы боксшы өлі күйінде табылды

Атақты әлем чемпионы Артуро Гаттидің ұлы - жас боксшы кіші Артуро Гатти Мексикада өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі The Ring-ке сілтеме жасап.

БАҚ мәліметінше, жасөспірімнің өлімінің себебі әзірге анықталған жоқ.

Артуро Гатти кіші Мексикада Олимпиада ойындарына дайындалып жүрген. Ол анасымен бірге тұрған.

Айта кетейік, оның әкесі де жұмбақ жағдайда көз жұмған.

Артуро Гатти үлкен - екі дүркін әлем чемпионы болған. Ол кәсіби мансабында 40 жеңіске жетіп, соның 31-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. 2013 жылы Халықаралық бокс даңқ залына енгізіліп, өз дәуірінің ең көрнекті боксшыларының бірі саналған.

2009 жылы оның мәйіті Бразилияда өлі күйінде табылған. Полиция өлімнің себебі өз-өзіне қол жұмсау деп хабарлаған. Алайда туыстары бұл қорытындымен келіспеген.

Отбасы адвокаттарының талабымен жүргізілген тәуелсіз сараптама Артуро Гаттидің өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін еместігін анықтаған. Осыдан кейін марқұмның әйелі күдікті деп танылған, бірақ көп ұзамай ол да босатылған. Өзге күдіктілер табылмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы