Олимпиадаға чартерлік рейс ұйымдастырылмайды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық құрама командалардың Парижге аттануы қорытынды оқу-жаттығу жиындарының өтетін орнына және ойындарға қатысу мерзімдеріне байланысты жүргізіледі. Яғни спортшылар Парижге тұрақты рейстермен ұшады. Сондықтан чартерлік рейстерді ұйымдастырудың қажеті жоқ,- деді Серік Жарасбаев.

Ойындарға бірінші болып 20 шілдеде ескек есуден ел құрамасы Гравлин (Франция) қаласына барады. Онда спортшылар оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Жарыс 27 шілдеде басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы