Олимпиадада ауыр жарақат алған әйгілі шаңғышыға ота жасалды

Аңызға айналған тау шаңғышысы Линдси Вонн Олимпиадада  құлап, жарақат алғаннан кейін ота жасатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2010 жылғы Олимпиада чемпионы, әлемнің екі дүркін чемпионы, 41 жастағы америкалық тау шаңғышысы Линдси Вонн 2026 жылғы Олимпиада ойындарында құлап, аяғын сындырып алған болатын. 

Sportarena.kz таратқан мәліметке сәйкес, спортшыға ота жасалған. Линдси Вонн алғашында Италияның Кортина қаласындағы Кодивилла ауруханасына жеткізілген. Онда тексерістен өткеннен кейін оны Тревизо қаласындағы госпитальға ауыстырып, сынған жерін бекіту үшін операция жасаған.

Жарыс барысында Вонн трассада жалаушаға ілініп қалып, соның салдарынан құлап түскен. Айта кетейік, спортшы жарысқа тізесінің айқаспалы байламы жыртылған күйде шыққан болатын.

Құлағаннан кейінгі тексеріс сол аяғындағы алдыңғы айқаспалы байламның жыртылғанын, сүйек соғылғанын және мениск жыртылуын анықтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы