Олимпиада өтпесе, Жапония 74 млрд доллар шығынға батады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының болмауы жапон экономикасына 7,8 трлн иен (74,2 млрд доллар қазіргі курс бойынша) шығын әкеледі.

Nikko Securities жапон қаржы компаниясының мәліметінше, коронавирустың таралу қаупіне байланысты Олимпиаданы болмауы елдің жалпы ішкі өнім өсімі жылдық есепте 1,4 %-ға қысқарады. Жапон корпорацияның табысы 2020 жылы 24,4%-ға төмендейді деп санайды Nikko Securities. Жапон компаниясы егер коронавирустың таралуы биылғы жылдың шілдесіне дейін толығымен тоқтамаса, Жазғы Олимпиада ойындарының болмайтынына сенімді. Жапонияның ЖІӨ 2019 жылы шамамен 5,15 трлн долларды құраған.

Қазіргі уақытта бұл елде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мың адамнан асты, 12-сі көз жұмған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі (696 адам) – Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы