Олимпиада ойынына қатысатын спортшылар да вакцина алады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн-брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, вакцина салудың екінші кезеңі бойынша Алматыда 6 мыңнан астам адамға екпе салынған.
Вакцина алғандардың 60 пайызы медицина қызметкерлері, 18 пайызы мұғалімдер, қалған 12 пайызын полицейлер құрап отыр. Оған қоса Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылар да осы жолы вакцина алады, - деді ол.
Сондай-ақ ол қалада вирустың таралуы өрши түскенімен дайындығымыз жоғары деңгейде деп отыр.
Алматыда коронавирус инфекциясымен 297 адам тіркелді. Сонымен қатар өткен тәулікте 143 науқас жазылып шықты. Күнделікті 101-120 науқас ауруханаға жатқылады. Стационарлық емдеуде 1239 адам бар, оның ішінде 34 бала инфекциялық стационарда ем алып жатыр. 13 ересек науқастың жағдайы өте ауыр. 1095 науқастың денсаулығы орта жағдайда, - дейді басқарма басшысы.
Бүгінгі таңда қалада науқастарды қабылдау бойынша 7110 төсек-орын әзірленген. Оған қоса науқастарды қабылдайтын барлық медициналық мекеме оттегімен жүз пайызға қамтылыпты.
Нариман Табынбаев сөз арасында қалада жаңадан салынған модульдік аурухананы жылумен қамту барысы жайлы айтып берді.
Қыс уақытында бұл ауруханаларда ешқандай климаттық жағдай немесе салқын болу оқиғасы тіркелген жоқ. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылған. Жалпы қала бойынша екі айға жеткілікті дәрі қоры бар,-дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шығысқазақстандық кәсіпкерлер медиация заңнамасын жиі жүгінеді
Келесі жаңалық
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
Өзгелердің жаңалығы