Олимпиада ойындарына баратын спортшылардың орташа жасы - 26

Олимпиада және Параолимпиадалық ойындарға дайындық штабының басшысы Елсияр Қанағатов спортшылардың дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спортшыларымызды ресми түрде олимпиадаға шығарып салып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, Президент Ту ұстаушыларға көк байрағымызды табыстап, жігерлендірді. Енді алда үлкен сайыс. Қазіргі таңда спортшылар ақырғы спорт дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көбінесе Парижге жақын жерде, маңайында, кейбіреулері Еуропада, осы жерде дайындалып жатыр. Әрбір команда өзінің бас жаттықтырушыларының, ғылыми топтың ұсынысымен оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан сәттілік тілейміз. Туризм және спорт министрлігінің тарапынан арнайы құрылған штабпен қолымыздан келгенше қол ұшын беріп көмектестік, сондықтан спортшыларымызға тек қана сәттілік тілейміз, - деді Елсияр Қанағатов.

Ол сондай-ақ жаңадан қосылған спорт түрлерінен баратын спортшылардан үміт күтетінін айтты.

Жанкүйерлер Токиодан кейін жеңіс күтіп отыр. Біздің дәрежеміз Токиодағыдай болмау керек. Одан жақсы болу керек. Үміт артатын спортшыларымыз бар. Биылғы жылы Олимпиадаға баратын спортшылардың орташа жасы 26-да. Жаңадан қосылған спорт түрлерінен баратын спортшыларымыздан үміт күтеміз, - дейді Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабының басшысы Елсияр Қанағатов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы