Кеше 2026, 10:45 Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Олимпиада-2026 жабылу рәсімі: Тікелей эфирді қайдан тамашалауға болады?

Тікелей көрсетілім Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Бүгін, яғни 22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні Веронада (Италия) XXV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Тікелей көрсетілім Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Оны "Qazaqstan", "Qazsport" және "Хабар" телеарналарынан көруге болады.

Шара ежелгі "Арена ди Верона" аренасында өтеді.

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен Олимпиада «Әсемдік әрекетте» («Beauty in Action») атты шоумен қорытындыланады. Жабылу рәсіміне дәстүр бойынша қатысушы барлық елдердің делегациялары, соның ішінде Қазақстан құрамасы да қатысады: спортшылар аренада шеру жасап өтеді. Бұл Олимпиадада Қазақстан құрамасының сапында 36 спортшы өнер көрсетті. Олар спорттың он түрі бойынша жарысқа қатысты.

Жабылу салтанаты Олимпиада туын 2030 жылғы қысқы Олимпиаданың астанасы –  Француз Альпілеріне тапсыру рәсімімен аяқталады.