Бүгiн 2026, 03:11 Фото: Сали Сабиров

Олимпиада – 2026: Софья Самоделкина 10-орынға тұрақтады

Софья Самоделкина  өз мансабындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.

Мәнерлеп сырғанаудан Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина  өз мансабындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, жарысты 10-орынмен аяқтады.

Мұз айдынына 13-ші болып шыққан спортшы еркін бағдарламасын сенімді әрі мінсіз орындап, 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша Самоделкина 207.46 ұпай еншілеп, жеке мансабындағы ең жоғары нәтижесін тіркеді. Бұған дейінгі рекорды 2021 жылы тіркелген – 205.67 ұпай.

Жүлдегерлер:

Alysa Liu (АҚШ) – 226.79 ұпай (жеке рекорды)

Kaori Sakamoto (Жапония) – 224.90 ұпай

Ami Nakai (Жапония) – 219.16 ұпай

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарының тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан атынан бұған дейін тек Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова ғана өнер көрсеткен.