15 Ақпан 2026, 11:08
Фото: ҰОК/Сали Сабиров
Олимпиада-2026: шорт-трекші Ольга Тихонова 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті
Қазақстан құрамасының спортшысы төртінші орынға тұрақтады.
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен әйелдер арасындағы 1000 метр қашықтықта іріктеу сайысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл қашықтықта Қазақстан құрамасының атынан Ольга Тихонова өнер көрсетті.
Отандасымыз іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 1:31.771 уақыт көрсеткішін тіркеп, өз тобында төртінші орынға тұрақтады. Осылайша ол ширек финалға өте алмады.