19 Ақпан 2026, 00:38
Фото: Сали Сабиров
Олимпиада – 2026: Денис Никиша жартылай финалға өтті
Айта кетейік, бұл Денис Никишаның өз мансабындағы төртінші Олимпиадасы.
Милан қаласында XXV қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтық жарысының 1/4 финалы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ширек финалдың 1-тобында өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының мүшесі, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша 3-орынға ие болып, қосымша жолдама арқасында жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Нәтижелер:
- Стивен Дюбуа (Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы) – 40.377 секунд
- Тён Бур (әлем чемпионы) – 40.412 секунд
- Денис Никиша (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 40.562 секунд
- Эндрю Хо (әлем чемпионатының қола жүлдегері)
Вон-жун Мун (жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы) жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, бұл Денис Никишаның өз мансабындағы төртінші Олимпиадасы.